📅 11.02.2026
“Халел Досмұхамедұлы” атындағы # 35 орта мектебінің ашылғанына 35 жыл және еліміздің егемендігіне 35 жыл
2026 жылдың 7 ақпанында Ақтөбе қаласының “Халел Досмұхамедұлы” атындағы # 35 орта мектебінің ашылғанына 35 жыл және еліміздің егемендігіне 35 жылына орай мектеп ұжымы шара өткізілді . Мектептің дамуына үлкен үлес қосқан Ардагерлер ұстаздары шақырылған . Мектептің әр жылғы түлектері келіп ұстаздарына алғыстарын айтты , қызықты сәттерін еске алды... Шараға Ақтөбе қалалық білім саласы бойынша Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мухамбетова Жания Жарылгаповна , Ақтөбе қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Оралбаева Лидия Шайгазиевна , Астана ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кусниязов Тулеген Калжанович және қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері Алдиярова Гульзия Толемисовна , Сулейменова Акманар Мухмудовна қатысты .
📰