📅 30.03.2026
«Цифрлық дәуірдегі кәсіподақтың тиімді қызметі және жаңа форматтағы жұмыс» тақырыбында екі күндік республикалық семинар
Ақтөбе қаласында «Ұлағат» білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен «Цифрлық дәуірдегі кәсіподақтың тиімді қызметі және жаңа форматтағы жұмыс» тақырыбында екі күндік республикалық семинар өтті.
Ауқымды іс-шараға Алматы облысының Талғар ауданы, Алатау қаласы, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле аудандарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының бюджет қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, цифрландыру жағдайында кәсіподақ қызметін жетілдірудің заманауи тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар, іс-шара аясында қала мектептерінің ұстаздарымен, оқушыларымен және ардагер педагогтармен мазмұнды кездесулер ұйымдастырылды.
Семинардың маңызды бөлігі Алматы ауданындағы №82 «Келешек» мектебінде өткен пленарлық кеңес болды. Кеңесте қоғамдық бірлестік төрағасы Л. Уралбаева, бас мамандар А. Бердыбекова мен Ғ. Данабеков, сондай-ақ әлеуметтік серіктес — қалалық білім бөлімінің басшысы М. Қосымбаева баяндама жасап, кәсіподақ қызметін жаңғырту, педагогтардың құқықтарын қорғау және білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Аталған семинар кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға және сала қызметкерлерінің кәсіби мүдделерін қорғаудағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

📰