📅 11.02.2026
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде педагогтерге арналған оқыту семинар
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде педагогтерге арналған оқыту семинары өтті
🔹️Ақтөбе қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде «Сараптаудан сәтті өту жолдары: педагогикалық тәжірибені дәлелдеу» тақырыбында оқыту семинары өтті.
🔸️Семинарға қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ж.Б. Шалабаева, жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының бас маманы Г.М. Зарликова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.К. Сарсенова, М.Арын атындағы ҚҚОМ-ның педагог-шебері, физика пәнінің мұғалімі, облыстық физика пәні мұғалімдері қауымдастығының төрайымы А.Ж. Мазинова, сондай-ақ Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының бас маманы Р.Н. Тастанбаева және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
🔸️Семинар барысында педагогтердің аттестациядан өтуі бойынша нормативтік талаптар, кездесетін қиындықтар мен өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар авторлық бағдарламаның маңыздылығы, педагог-шебер аттестациясының негізгі компоненттері, портфолио дайындау жолдары мен аттестацияға қатысты өзекті сұрақтарға жауап берілді.
Іс-шара педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

📰