📅 11.02.2026
Есеп беру жиын
№80 орта мектебінде Ақтөбе қаласы білім бөлімінің 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп беру жиыны өтті.
Жиынға Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева, Ақтөбе облысы және қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы Лидия Уралбаева және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Бөлімі басшысы Меткүл Қосымбаева 2025 жылы білім беру саласында жүзеге асқан негізгі жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттерге тоқталып, қала мектептері, балабақшалар мен қоысмша білім беру ұйымдарындағы оң өзгерістер мен жобалар жөнінде баяндама жасады.
Жиын барысында бірқатар білім беру ұйымдарының басшылары білім саласына қосқан елеулі үлестері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл жиын – білім беру сапасын арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстарды саралап, келешекке нақты жоспарлар құруға мүмкіндік берген маңызды кездесу болды.

📰